Бюджет қаражатынан тыс 250 млн теңге тартылды

381

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бюджет қаражатынан тыс 250 млн. теңге тартылып, демеушілік есебінен «сыр сұлуы» монументі, көпқабатты тұрғын үйлердің сырты жаңартылды, ойын алаңдары салынды, мектептер жолдары мен қоршаулары жөнделді, тұрмысы төмен отбасыларға газ орнату және басқа да жұмыстар атқарылды.

Президент бастамасымен іске асып жатқан «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданда 1 мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар, аймақ басшысының қолдауымен салтанат сарайы, кітапхана, музей, архив және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталығының құрылысы бірінші болып Сырдария ауданында бой көтереді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<