Бюджеттің 6 млн теңгесін үнемдеді

586

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының 3 аудандық ауруханасында ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жүргізген тексеру нәтижесінде өнімсіз азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алынып тасталды.

Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.

Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жасалғаннан кейін ӘМАТ тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады. Бюджеттен үнемдеу 6 млн теңгеден астамды құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<