Бюро отырысында жыл қорытындыланды

359

0

сурет ашық дереккөзден

Партияның облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

Онда филиалдың 2023 жылғы бюджетінің орындалуы қаралып, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның атқарған жұмыстары қорытындыланды. Сонымен қатар облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің қоғамдық қабылдау кестесі, филиал жанындағы кеңестер мен комиссиялардың ережелері бекітіліп, құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Партияның облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Онда аймақтық және аумақтық партия филиалдары өткен жылы атқарылған жұмыстарын cаралап, алдағы міндеттерін пысықтады.

Жиын барысында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, азаматтар өтініштерін қанағаттандыру, ақпараттық-идеологиялық, есеп-қисап, фракция мен партия жанындағы кеңестер жұмыстары, яғни әрбір жұмыс бағыты бойынша бөлім басшылары хабарлама жасады. Олар жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарын білдіріп, қажетті ақпараттарды бөлісті.

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясының облыстық филиалына қарасты Арал, Қазалы аудандық филиалдары жанынан құрылған мониторингтік топ сауда орындары мен дәріханаларда баға тұрақтылығы мен қамтылуына бақылау жүргізді.

Мониторинг барысында кәсіпкерлерге азық-түлік құнын шекті бағадан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріханаларда тұрғындар жиі тұтынатын дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығы мен қорының жеткіліктілігіне зерделеу жасалды. Сонымен қатар партияның аумақтық филиалдары түрлі бағыттарда 30-дан астам іс-шара ұйымдастырды.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

Партия алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, бақылау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Талант Ерманов және партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қыдырбек Рашов тақырыптық қабылдау өткізіп, тұрғындар өтініштерін тыңдады.

Қабылдаулар барысында азаматтардан 6 өтініш түсті. Олардың 3-і оң шешіліп, 3 азаматқа заңнамалық кеңес берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<