Бюрократиядан арылту жұмыстарының қарқыны

435

0

Мемлекеттік аппараттың шешім қабылдау тиімділігі мен жеделдігін, мемлекеттік орган басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құжат айналымы мен есептілікті қысқарту мақсатында Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданды.

Бүгінде сын-қатерлерге, өзгерістерге төтеп беру үшін мемлекеттік аппарат жылдам әрі тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті болуы қажет. Осы бағытта жұмыс жасау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау жүргізу, ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу тапсырылған болатын.

Мониторинг барысында жалпы ауытқуларды анықтау, артық бюрократия үшін жағдай туғызатын және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Талдау жұмыстары, яғни мемлекеттік аппараттың қызметіне әсер ететін факторларды, заңдылықтар мен тенденцияларды, проблемаларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік органды кешенді зерттеуді қамтиды.

Осылайша агенттік пен оның аумақтық департаменттері 2022 жылдың екінші жартыжылдығында білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін бюрократиядан арылту тұрғысынан зерделеп, нәтижесімен 57 ұсыныс әзірленді. Биылғы бірінші жартыжылдықта қаржы саласына қатысты мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жасалып, рұқсат беру рәсімдері мен монополияға қарсы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты әкімшілік рәсімдерді бюрократиядан арылту бағыттары бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жалпы 30 кейс әзірленді.

Бүгінде кезекті талдау жұмыстары аяқталып, экология және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелер талданып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мониторинг жүргізілді. Жалпы 41 ұсыныс агентікке жолданды.

Агенттіктің облыс бойынша департаменті экология саласындағы қоршаған ортаны қорғау бағытына қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту аясын, көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау рәсімдерін, сондай-ақ заңнамадағы қайшылықтар мен ақпараттық жүйедегі ақауларды жою бойынша ұсыныстар әзірленген болатын. Ауыл шаруашылығы саласы жер ресурстары бағытындағы талдау жұмыстары нәтижесінде әзірленген проблемалық мәселелер жер қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреттері мен функцияларын оңтайландыру, жер балансын жасақтауды автоматтандыру және шешім қабылдау процедураларын жеңілдету сияқты ұсыныстарды қамтиды.

Бұл жұмыс агенттікке тапсырылғанымен, мәселеге әрбір мемлекеттік орган қызығушылық танытуы қажет. Себебі жұмыс нәтижесі мемлекеттік орган қызметін оңтайландыру мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Алдағы уақытта да жұмыстар басқа бағыттарда жалғасын табады. Кез келген тұлға қандай да бір салаға қатысты ұсыныстары болса, онда аумақтық департаменттің мекен-жайына: Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, №1 құрылыс, телефон нөмірі 8 (7242) 70 56 36, немесе n.suleimenov@kyzmet.gov.kz электрондық поштасына жолдай алады.

Е.Мендалиев,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<