«Білікті мамандардан кеңес ал!»

344

0

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында «Білікті мамандардан кеңес ал!» тақырыбында ашық есік күні өтті. 
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ облыстық филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов ашық есік күні қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде МӘМС-тің енгізілуі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамыған елдердің үлгісі бойынша қаржылық-тұрақтылыққа алып келетіндігін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратындығын және мемлекет пен азаматтардың денсаулығына жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін алға тартты. МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтың тұрғылықты жері бойынша ғана емес, республиканың кез келген аумағында көрсетілетіндігін атап өтті. Сақтандыру медицинасының біртіндеп дамуы медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасының өзектілігін жоятындығын жеткізді.
«Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының консультанты Альфия Длекешова «7-20-25», «Орда» бағдарламалары бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздарын берудің негізгі талаптарын, бағдарламаға қатысу үшін өлшемшарттарды, банктердің оператормен өзара іс-әрекет жасау тәртібін, сондай-ақ Бағдарламаны ойдағыдай іске асыру үшін заңнамалық актілер деңгейінде қабылдануға тиіс шаралар жайында ақпараттар берді.
Ашық есік күні барысында тұрғындар да өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, заң аясында жауаптар алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<