Білім ордасының мерейлі мезеті

344

0

Алғашқыда Қазалы паровоз депосының жанынан ФЗУ болып ашылып, кейін әртүрлі атауларды иеленген білім ошағы 2013 жылдың қаңтарынан Қазалы көлік-техникалық колледжі, екі жыл бұрын облыс әкімдігінің қаулысымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі статусын иеленді. Іргелі ұжымды қазір Білім беру ісінің үздігі Болатбек Ахметов басқарады. Кезінде ұлан-ғайыр  Кеңес одағының түкпір-түкпірінен келген курсанттар дәріс алып, теміржол саласының ұсталарын, вагон жөндеушілер мен қараушыларды, вагон ағаш ұсталарын, өзге де мамандық иелерін дайындаған білім ордасының әлі де бәсі биік.

Мұнан тура 90 жыл бұрын  іргетасы қаланған, Қазалы кө­лік-техникалық жоғары колледжіндегі салтанатты ша­раға ардагер ұстаздар, білім ор­да­­сының түлектері, әр аудан­ның колледждерінен келген оқытушылар қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев іргелі білім ордасының терең тарихы туралы айтты. Теміржол саласының білікті мамандарын дайындайтын қарашаңырақ осы жылдар ішінде тарихи жолдан өтті. Колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, педагогикалық кадрлар әлеуеті жо­ғарылады. Оқу орнын бітірген кадрлар облыстың, ауданның әлеу­­меттік-экономикалық, мә­де­­­ни-рухани салаларының дамып, өр­­кендеуіне үлес қосып жүр.

Аудан әкімі ұлағатты ұстаз­дарды облыс және аудан әкі­мінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Шарада облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, «Қазақ­стандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кә­сіп­тік одағы» қоғамдық бір­лестігі облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Кәсіптік білім көкжиегі» газетінің бас редакторы Сексенәлі Раханов колледж ұжымын мерекемен құт­тық­тады. Қа­залы көлік-техникалық жо­ғары колледжінің директоры Б.Ахметов өзі басшылық жасайтын білім ордасының жетістігіне тоқталып,  қонақтарға риза­шы­лығын білдірді.

Салтанатты шарада мерей­тойға орай жарық көрген «Күре жолдың шамшырағы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, мей­мандарға таратылды.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<