Бөген мен Қарашалаң арасы

697

0

Бөген мен Қарашалаң арасы 14 шақырым жол. Осы аралықты көлікпен бір сағат немесе 50 минут жүреміз. Себебі ойдым-ойдым, шұрқ тесік. Жеңіл көліктер жүруге мүмкіндік жоқ. Алыстағы балаларымыз, құда-жекжаттарымыз енді келместей күйге түседі.

Осы жағдайды айтып жырлағанымызға табаны күректей бес жыл болды. Қыста келген әкім «көктемде бастаймыз» дейді, көктемде келген әкім «жазда бастаймыз» дейді. Биыл алтыншы жыл тағы да уәде берген. Бірақ жаздың ортасы болды. Жол салатын техникалардың қарасы көрінбейді. Ал басқа ауылдарда жұмыс басталып, жүріп жатыр. Биыл да аяқсыз қала ма деген сауал Қарашалаң халқын мазалайды.

Біз бұдан бұрын да аудан, облыс әкімдігіне бірнеше рет өтініш жасап, хат жазғанбыз. Бірақ бір-біріне сілтеп, хатымызға дұрыс жауап ала алмадық. Осыдан екі жыл бұрын «Бөген-Қарашалаң» тас жолы салынып, іске қосылды делінген. Бірақ салынған жол жоқ. Біздің мұңымыз басшылардың құлағына жетер емес.

Газет – халықтың айнасы ғой. Осы айнадан өздерінің жауапкершілігін жоғалтып алғанын көріп, ойланар деген үмітіміз бар.

Дариха ӘЛСЕЙІТОВА,

Арал ауданы