Бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлсая Ержан Әйтеке би кентіндегі №170 мектепте орналасқан №362 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Ауданымыздың мақтанышы дауыс беру рәсімінен кейін жүрекжарды лебізін жеткізіп, ел тыныштығын тіледі.
– Бүгінгі сайлаудың мән-маңызы жоғары. Себебі біз ел тарихында ерекше орын алар саяси науқанға қатысып отырмыз. Әрбір азамат ерікті түрде дауыс беріп жатыр. Мен де көпшілікпен бірге өз сайлау учаскеме келіп дауыс бердім. Барлықтарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Гүлсая Ғалымжанқызы.
Учаскелік комиссия төрағасы Нұрлан Имашев еліміздің көк туын әлемдік аренада жедбіретіп жүрген былғары қолғап шебері Гүлсая Ержанды жылы шыраймен қарсы алып, өзінің азаматтық борышына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<