«Болашақ экспонат» жобасына қатысушылар көбейді

328

0

«Болашақ экспонат» жобасына қатысушылар көбейді ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жылды жастар жылы деп жариялауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында облыстық тарихи-өлкетану музейі «Болашақ экспонат» жобасын ұйымдастыруда. Мектеп оқушылары арасында өткізілетін бұл шараға қатысушылар саны күн санап артып келеді. 

– Байқау шарты бойынша құнды және қолданыстан шықпаған дүниелерге жастар өзіндік көзқараспен қарап, бү­гінгі дүниенің ертеңгі жәдігер екенін ұғынып, сипаттамасы мен тарихын жастардың өз­дері түсіндіруі тиіс. Жастар болашақ экспонаттың ерек­шелігі мен құндылығын өзіндік деңгейде саралап, орнын бас­қан дүниелермен салыстыра отырып, халыққа жеткізеді. Об­лыстық музей оқушыны арнайы видеоға түсіріп, об­лыстық музейдің «Youtube» же­лісіне жүктейді.  Байқау же­ңімпаздары ашық дауыс­пен, яғни «like» санына қарай анықталады. Биыл әр тоқсан сайын жеңімпаздар жарияланып, дипломдармен марапатталады, – деді музей қызметкері Айгерім Беккулиева.

Осы жылдың ІІ тоқсанында Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқу­шысы А.Нұрмаханова І орын иегері атанса, №2 «Мұрагер» мектебінің оқушысы Н.Ера­лиева ІІ орынды еншіледі.

Ал ІІІ орынды М.Сужиков атындағы №6 орта мектептің оқушылары В.Васильева, А.Әлі­шер және Қорқыт Ата атын­дағы ҚМУ студенттері Қ.До­сым мен А.Бекбаев иелен­ді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<