Болашаққа батыл қадам

308

0

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Жастар баянды болашақты таңдайды» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Бәсекеге қабілетті мем­ле­кетті қалыптастыруда жастар­дың рөлі ерекше. Сондықтан кейінгі толқын қоғамдағы кез кел­ген құбылысқа бейжай қа­рай алмайды. Алда болатын Президент сайлауына белсенді қатысуға шақырған жастардың бүгінгі бастамасы осының айғағы.

Шара барысында арнайы шақырылған қонақтармен қатар, студенттер, жас мамандар өз ойларын ортаға салды. Солардың бірі колледждің арнаулы пән оқытушысы – Гүлжанат Данабек.

Ол Тұңғыш Президенттің өз уәкілеттілігін тоқтату туралы шешімі, кезектен тыс Президент сайлауының өтуі тарихта қалатын оқиға екендігін айтып, мұндай жауапты сәттерде жастардың белсенділігі де сыналатындығын атап өтті.

– Мен өзім елдегі бейбіт­шілік пен тұрақтылықты, қазақ­стандықтардың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының өсуін, жастарды қолдау шараларының жалғасуын қамтамасыз ететін Президент сайлауына міндетті түрде қатысып, аймақ жастарын баянды болашақты бірге таңдауға шақырамын, – деді.

Ал, колледж оқытушысы Бекболат Атымтаев Президент сайлауы еліміздің одан әрі дами түсуіне бағытталып отырған сара жол екендігін айтты.

– Президент сайлауының өтуі елдегі қоғамдық тұрақ­тылық пен ұлтаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан – Орта Азиядағы көшбасшы, әрі тұрақтылықтың символы болып саналады. Кезектен тыс Президент сайлауының тағы бір ұтымды тұсы – елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға жол ашып қана қоймай, Қазақстан үшін сындарлы жаңа кезеңнің бастауы болмақ, – деді.

Дөңгелек үстелде колледж жас­тары алдағы сайлау науқанына белсенді қатысу баянды болашаққа жасалған қадам деген түйін жасады.

 Шынар БЕКБАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<