Болашақтың мамандықтары

844

0

Жоғары жалақысы бар әрі әрдайым өзекті боп тұрар мамандықты игеру – әр оқушының арманы. Мамандық таңдарда әр адам өзінің қызығушылығы, таланты мен ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Одан бөлек, мамандық таңдарда оқуды аяқтағаннан кейін де қанша уақытқа дейін сұраныстағы сала болып қалатынына мән берген дұрыс.

Үздік инновациялар мен технологиялық серпіліс дәуірінде салалардың көбі автоматтандыру мен роботтандыруға көшті. Ал кейбір сала мүлде қолданыстан шығып жатыр. Болашақта теле жүргізушілерді роботтар алмастырып, көліктердің өзі автоматты басқаруға көшеді деген болжам бүгінде шындыққа айналып жатқанын өз көзімізбен көріп жүрміз. Соған қарамастан, адамның көмегінсіз ілгері жүруі мүмкін емес салалар бар. Қандай мамандық иесі болашақта керек болады және оған қандай дағды керек, бірге талқылайық.

Жасанды интеллект саласындағы бизнес менеджер: Жасанды интеллект өздігінен көп нәрсе істей алса да, олардың қолынан келмейтін нәрсе бар. Олар өз өздерін сата алмайды. Бұл жұмыспен бизнес менеджерлер айналысады.

Шекаралық есептеу шебері: олар компаниялардың интернет-инфрақұрылымын жекелей есептеу, аналитика мен сараптамасын жасайды. Бұл компаниялардағы ірі ақпарат көзін өндеуге көмектеседі.  

Техник-медик: денсаулық сақтау саласы бойынша білім алған маман. Бірақ, техникалық саладан да хабардар болуы тиіс. 

Кибер-қалалардың сарапшысы: Жылдам жүріп жатқан урбандалу үрдісі жақында “ақылды” қалалардың құрылуына себеп болады.  Қаладағы ақылды құрылғылар көмегімен жиналған миллиондаған ақпараттарды өңдеп, сараптау қажеттілігі туындайды. 

Биотехнолог: қай биотехнологиялық өнімдерді жетілдіру керек және қандай дәрі жасау керек екенін шешетін маман болады. 

Шаруа-қожалықтарын басқарушы: Қала тұрғындарының саны артатыны белгілі, бірақ тағам өз құндылығын жоғалтпауы керек. Сол себепті қалалардың өзінде де егін салумен айналысады.

Басты сенім директоры: бұл инвесторларға олар компанияға салатын ақшаның текке кетпейтінін және тек жұмысқа пайдаланатынын дәлелдеп, жауапкершілікті өз мойнына алады. Қазір ірі инвесторлар квантты есептеу салаларына ақша салып жатыр. Алдағы уақытта автоматтандыру, техниканы оқыту саласына және квантты ақпаратқа қаржы бөлінетін болады.

Квантты техникалық оқыту бойынша аналитик: Қазір ірі инвесторлар квантты есептеу салаларына ақша салып жатыр. Алдағы уақытта автоматтандыру, техниканы оқыту саласына және квантты ақпаратқа қаржы бөлінеді. Ал аналитика маманы осы мәселелердің тиімді әрі жылдам шешімін табуға атсалысады. 

Ұшатын автокөліктерді құрастырушы: алдағы уақытта міндетті түрде сұранысқа енетін сала. Қазірдің өзінде стартап компаниялар өздерінің нұсқасын ұсыну үстінде. 5-10 жыл ішінде бұл технология түрі нарыққа енетіні анық.  

Виртуалды әлемге саяхаттың негізін құрастырушысы: халық жаңадан көңіл көтеру әдісін табады. Бұл жұмыс виртуалды әлемнің негізін қалап, оны құрастырумен айналысады. Одан бөлек, келесі буынды дербестендіруге ат салысады. 

Автомагистральды бақылаушы: әуе және жол транспорттарын басқарып, реттеу және жоспалап отыру керек.  

Ақпараттарды тазарту инженері: Data Trash Engineer деген атаумен танымал сала қазір де бар. Олар қолданыстан шыққан ақпараттарды тазарта отырып, кеткен қатені анықтайды. Бұл тек артық ақпараттан құтылуға әсер етіп қана қоймай, олардың сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Кибер-агент: Соғыс эволюциясы физикалық тұрғыдан виртуалды әлемге өтеді. Ал бұл салада қызмет атқаратын адамның міндетіне тек қорғау ғана емес, стратегиялық жоспар құру кіреді. 

Дыбысты UX-дизайнер: олар жасанды интелекті қолданушы дауысын ажырата білуге, әр адамның жеке өзіне ғана тән дыбыстық ерекшеліктерді жетілдіру үшін жұмыс істейді. 

Ақылды үйді жобалау менеджері: олар сәулеткер, инженер және қолданушымен тығыз жұмыс істейді. Олар соңғы технологиялық трендтен хабардар болуы керек. Технология мен дәстүрлі және заманауи стильдермен бірлесе жұмыс істей білуі керек.

Виртуалды заңгер: Заманауи технологиялар арқылы қазір шынайы көрінетін жасанды видео, суреттер жасау қиындық тудырмайды. Сондықтан болашақта сондай қателерді бақылап, ретке келтіретін мамандар керек.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<