Болашақтың технологиясы

8

0

Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Цифрландыру және жасанды интеллект – болашақтың технологиясы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге компьютерлік және бағдарламалық, QR код­пен оқылатын және цифрлық форматқа кө­ші­рілген элект­ронды оқулықтар, аудио мен балаларға арналған әр­түр­лі тақырыптардағы 3D, 4D, 5D фор­маттағы кітаптар қо­йылды. 

Шараға Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған маман­дандырылған сыныптары бар мектеп, Ә.Мүсілімов атын­дағы №101, №3 мектеп-ли­цей­лерінің оқушылары қа­ты­сып, өз­дері жасаған ро­бот­тары мен креативті жо­балар ұсын­ды. Дарынды оқу­­шы­лардың «Мүмкіндігі шек­теулі адам­дарға AI кө­мекші», «Ақылды тесті­леу жү­­йесі» сынды жобалары оқыр­­мандардың қызығу­шы­лы­ғын тудырды.

Көрмеге жаңа үлгідегі 100-ден аса кітап, 60 СD қойылып, жасанды интеллектінің мүм­кіндіктері жайлы видео-ро­лик көрсетілді.

«СБ» ақпарат