Болмысы бөлек Батырхан

237

0

Қазақ музыка өнерінде өшпес ізі бар Батырхан Шөкенов сегіз қырлы, бір сырлы жан болатын. Ол – эстрада әншісі және сазгер. Ол – өзін альт және тенор-саксофон виртуозы ретінде көрсетті. Ол – халықтың сүйіктісі бола білді. Өкініштісі сол, ол нағыз кемелденген тұсында өмірден өтті.Әншінің есімін мәңгі қалдыру мақсатында 2018 жылы 18 мамыр күні туған жері Қызылордада ескерткіш қойылды. Оның есімімен саялы саябақ аталады. Жерлестері және жастар қауымы оның ескерткішіне тағзым жасап, рухы алдында әндерін орындайды.

Өздеріңізге белгілі, Батырхан «Арай» ансамблі құрамында, «Алма-Ата Студио», А’Студио топтарында өнер көрсетіп, оның орындауындағы «Белая река», «Стоп, ночь», «Солдат любви», «Эти теплые летние дни», «Нелюбимая» әндері өнер иесін көпке танымал етті.Батырханның этникалық музыкаға оралуы шығармашылықтың шыңына шығарды. Әйгілі әнші «Батыр» жобасымен жүйелі жұмыс жүргізді. Өнерге жаңа леп, мағыналы бейнеклиптер қосты. 2002 жылы әнші «Отан-Ана» атты алғашқы ән жинағын қазақ тілінде шығарды.

Таланты мен дарынын құрметтейтін өнердегі әріптестері Батырханды қазақтың ғана әншісі емес, әлемнің әншісі деп бағалаған.

2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан Шөкенов Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы кеңесшісі лауазымын атқарып, 2009 жылы Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық елшісі болды. Оған «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<