Боран соғып, қар жауады

581

0

28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.