«Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

584

0

Фото: Полиция департаменті

Жаңақорған ауданы аумағында 13-20 наурыз аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты- жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау.

Жаңақорған ауданы Полция бөлімі өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды:

– электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде «egov.kz». Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz. айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексерген кезде Сіз «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіресіз, одан кейін көлік иесінің ЖСН-ін енгізіңіз және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады.

Құрметті азаматтар, жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұраймыз, ал егер құқық бұзушылыққа жол берсеңіз, айыппұлды уақытында төлеуіңіз керек!

Байланыс телефондары: +7-702-856-60-46.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<