Борышкерлерге ел аумағынан шығуға шектеу қойылды

448

0

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді қою, борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу және алу тәртібі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және аумақтық органы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,

Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

– Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне келесі мәліметтер енгізіледі;

– борышкердің тегі, аты, әкесінің аты не борышкер ұйымның атауы;

атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;

– көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.

Сонымен қатар, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам орындалмаған жағдайда және қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда қойылады.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау;

Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;

мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;

атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;

мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;

басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;

сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Д.ШАРАПАТОВ,

Қызылорда облысының әділет

департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<