Бос уақытында волонтерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік қызметшілер

272

0

фото: ашық дереккөз

Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, тағдырдың тезі мен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс.

Еріктілердің қызмет шегі өте кең. Әр адам қызығушылығы мен қабілеттері бойынша өзінің шұғылданатын ісін табатыны сөзсіз. Соның ішінде, мемлекеттік қызметшілермен ат салысып жүрген игі істердің бірі – донорлық волонтерлік, яғни қан тапсыру арқылы мұқтаж жандарға көмек қолын созу.

Қан – адамдардың денсаулығының өте маңызды элементі болып табылады. Донорлық қан әр сағат сайын, минут сайын қажет. Қаныңызды бөлісу дегеніміз біреуге өмір сүруге мүмкіндік беру. Донорлар 450,0 мл көлемінде қан тапсырады, дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді, сонымен қатар қан кету қаупі жоқ. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

Осындай игі істі Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілері де қолға алған, олар ерікті және тұрақты түрде Қан орталығына барып, қан тапсырып тұрады.

Сондай еріктілердің бірі – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Избасов Умирбек,ол 2015 жылдан бастап қан тапсырып келеді.

Бұдан басқа,ҚР СРжИМ Су ресурстарын пайдалануды реттеу, қорғау және пайдалану Комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мемлекеттік қызметшілері Қазтоғанов Зейнулла, Сагимбаев Ерлан, Алматов Нұрғиса, Мурзабаев Нұрбек және Әбу Мерей сияқты еріктілер де өз үлестерін қосуда.

Сөзімді қорытындылай келе, ұрметті достар, мүмкіндігіңіз болса, қиындықты айналып өтпеңіз және мұқтаж жандарға әрқашан көмек қолын созыңыз!» дегім келеді.

Әлия Хожбанова,

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<