Боз кілемде жеңіске жетті

744

0

Облыстың 85 жылдығына орай бүгін Қызылорда қаласында «Бала барысы» біріншілігі өтті.

Аймақ бойынша 34 жасөспірім қатысқан жарыстың нәтижесінде «Бахадүр» лақап атымен қызылордалық Болатбек Абылайхан «Көрермен көзайымы» атанса, ІІІ орын «Сыр Қажымұқаны» лақап атын иеленген Жаңақорғандық Байзақ Қажымұқанға бұйырды. Ақтық сында қарсыласына есе жіберген «Баймолда ұрпағы» лақап атымен Баймолда Исламбек ІІ орынмен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, І ОРЫН 200 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК СЕРТИФИКАТ ПЕН «АЛТЫН БЕЛБЕУ» ҚАРМАҚШЫЛЫҚ «СЕМЕТЕЙ ЖАЛЫНЫ» ӘЛИХАН ӘЛИАСҚАРОВ ЖЕҢІП АЛЫП, АРНАЙЫ ЖАСАЛҒАН АУЫСПАЛЫ «ТАЙТҰЯҚТЫ» ИЕЛЕНДІ.

ПАЛУАНЫМЫЗДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРСІН!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<