Боздақтар рухына бас иді

355

0

Облыс орталығында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих. Тағдыр. Тағзым» атты тағзым ету шарасы өтті.

Жергілікті зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, азаматтық қоғам мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, жастар көшбасшылары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қоюға жиналды. Олар ұлт мүддесін, елдің болашағы үшін күрескен асыл азаматтар мен есіл ерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды. Тағзым ету барысында қатысушылар боздақтар рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан тағзым гүлін қойды.

Ұлт ұрпақтары атынан боздақтар рухына құран бағышталды. Аға буын өкілдері жастарға мемлекетіміздің туын биік ұстап, бейбіт күніміздің қадірін бағалау және өткен күннен сабақ алу қажеттілігі туралы өсиет айтып тарқасты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<