Бозкілемде – балуандар

7

0

Кеше «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Мұнан соң ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа сөз алып, қатысушыларға лебізін жеткізді.

Биыл көшпенділер ойыны аясында 15-ші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде 250-ге жуық спортшы қатысуда. Олар әр салмақ бойынша іріктеу сынынан өтіп, ақтық сында өнер көрсетпек. Ал спортшылардың бәсекесіне 11 төреші қазылық ететін болады.

Сондай-ақ жеңімпаз спортшы «Сыр барысы» атағын иеленсе, ІІ орын иегері «Сыр арланы» болмақ. Ал келесі жүлдені иемденген спортшыға «Сыр сұңқары» атағы беріледі. Жүлдегерлер қаржылай және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, аталған жарыстың қорытындысы бүгінге жоспарланған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<