Браконьер құрықталды

395

0

Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органы және жергілікті полиция қызметі Арал теңізі мен облыстың су айдындарында заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде 16 сәуірде Арал ауданының «Қарашалаң-Бөген» автожолында «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында «Шөмішкөл» елді мекенінің тұрғыны Т тиісті құжаттарсыз, жалпы салмағы 1261 келі құрайтын тыран балығын тасымалдағаны анықталды.

Браконьердің заңсыз әрекетінен мемлекетке 2 317 466 теңге залал келді.

Қазір тиісті жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасы