«Brendke bir qadam» республикалық форумы өтті

44

0

29 қараша күні «Анаға тағзым» орталығында «Brendke bir qadam» республикалық форумы өтті. Форумда Сыр өңіріндегі креативті индустрия саласының дамуы мен жұмыс бағыты, креативті  кәсіпкерлерді қолдау мақсатында іске асып жатқан жобалар, алдағы жоспарлар талқыланды. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаментінің басшысы Гүлісхан Нахбаева, Түркістан, Алматы қалаларынан делегаттар арнайы қатысты.

Форум облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов пен ҚР МАМКреативті индустриялар департаментінің басшысы Гүлісхан Нахбаеваның құттықтау сөзімен басталып, пленарлық сессия жұмыстарына жалғасты. 

«Qazaq brand» өнімдерінің авторы, дизайнер Айман Абди мен ұлттық нақыштағы жол сөмкелерін өз қолымен дайындайтын креативті кәсіпкер Мира Исабаева сөз сөйлеп, орталықтың төл жобасы «Brendke bir qadam» сауда көрмесінің тиімді мүмкіндіктерін тілге тиек етті. «The one system» компаниясының негізін қалаушы Аслан Жұмабаев«Қаржылық сауаттылық: ақшаны жүйелі басқару»тақырыбында дәріс өтсе, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіЖасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев «Креативті технология және жасанды интеллект» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Жиында «Creative ideas» креативті идеялар конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Кәсіпкерлердің тың идеясын іске асыруға бағытталған байқау нәтижесі бойынша инвесторлар үздік деп танылған 7 жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. 

Форумда«Анаға тағзым» орталығының креативті бренд өнімі «Өмір иірімдері» тұмары мен «Brendke bir QADAM» қойын дәптерінің презентациясы болды. («Өмір иірімдері» – әр шаңырақтың төрт құбыласы тең, жұлдызы жарық, бағы бес елі болсын деген аналардың ақ тілеуінен  туған орталықтың алғашқы экслюзив тауары. «Brendke bir QADAM» –қанатты сөздерімен жігерлендіретін мотивациялық смарт-блокнот.)

Жұмысының бір бағытынкреативті индустрияға бейімдеген «Анаға тағзым» орталығы 9 айдың ішінде қызылордалық кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерін қолдайтын ашық алаңға айналды. Бүгінге дейін орталық бастамасымен креативті индустрия бағытында 8000-ға жуық адамды қамтыған 50-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы – «ЭТНО FASHION» облыстық сән үлгісі фестивалі. Ұлттық құндылықтар мен мәдени-мұраны насихаттап, жергілікті дизайнер-тігіншілердің креативті кластерлік жаңа жүйесін қалыптастыру бағытындағы шара нәтижесінде17 дизайнер-тігіншінің 150-ден аса креативті киім үлгісі көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылардың дизайнерлік киімдеріне тапсырыстар артты. Кәсіпкерлердің қаржы-экономикалық, құқықтық сауаттылығын арттырып, өнімдерін жарнамалау бағытындағы «Brendke bir qadam» сауда көрмесінде 20-дан аса кәсіпкердің өнімдері сөреге қойылды. Нәтижесінде,  теориялық білімді практикамен ұштастырып, өзара тәжірибе алмасқан кәсіпкерлер 9 айда 30 млн теңге қаржы тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<