Бриллиант – ерекше тас. Сұлу, мөлдір, түрлі ұшқын шашатын тас әу бастан патшалардың сүйіктісі болған. Бриллиант дегеніміз – алмас. Тек пішіні өңделген. Шеберлер жылтырап тұруы үшін бұл табиғи минералға арнайы пішін береді. Алмас – өте мықты минерал. Оның аты гректің «адамас» (сынбайтын) сөзінен шыққан екен.
Бриллиант бағасының қымбат болатын себебі – ол мәңгі ескірмейтін тас. Тозбайды, бүлініп сынып қалмайды. Алмас барлық жерде бірдей бола бермейді, оны қазып алу – көп еңбекті талап ететін қиын іс. Минералды өңдеудің өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Жерден қазып алынған алмас табиғат қойнауында мың, миллион жыл бойы жата береді. Сондықтан бриллиантқа қарап, көне тарихты көресіз.
Бағалы сыйлық мынадай «4С» жүйесі бойынша анықталады: cut (пішін беру), clarity (тазалығы), color (түс), carat (карат, салмағы). Бұл жүйе бриллианттың қаншалықты қоспасыз екенін көрсетеді. Тасты сатып алғанда, осы нәрселерге мән беру қажет. Түсі бойынша ол дәстүрлі (мөлдір, сары түске жақын) және қиял қосылған (алқызыл, көк, ашық көк, жасыл) деп екіге бөлінеді. Бриллиант бағасы карат бойынша өлшенеді (1 карат – 0,2 грамм). Міні жоқ бриллиант «табиғи су бриллианты» деп аталады екен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<