БІРЛЕСТІКТІҢ ІЗГІ БАСТАМАСЫ

402

0

Қызылорда қаласында БҰҰ миграция жөніндегі агенттігі Халықаралық көші-қон ұйымы үйлестірушілерінің қатысуымен «Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз мәслихаты өтті.

Айтулы шараға миграция бойынша халықаралық ұйым, көші-қон қызметі, облыстың ІІД ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,  облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, ҚХА өзбек этномәдени бірлестігі өкілдері қатысты. Баспасөз мәслихатында еңбек қатынастарын реттеу, елдегі әлеуметтік көмекке қолжетімділік, жалақы төлемеу, жұмыс берушінің еңбек келісімін жасаудан бас тартуы, жұмысқа рұқсат беру, Қазақстандағы оқу мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді құқықтық реттеу тақырыптары аясында ақпараттар ұсынылды.

«Кіші кәсіпкерліктегі әйелдер қоғамы» ҚБ  Төрайымы Салтанат Сыздықованың айтуынша, бірлестік миграция бойынша халықаралық ұйыммен 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мигрант әйелдердің құқығын қорғап, олардың елдеріне аман-есен қайтуларына жағдай жасайды.

Миграция  жөніндегі  халықаралық өкілдік Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанда 2000 жылдан бері мигрант және адам саудасы бойынша бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Осыған дейін мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен тығыз әріптестік  байланыс жасаудың нәтижесінде ондаған жоба жүзеге асырылған.

Жансая ҚЫДЫРБАЙ, 

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<