Бітімге келу мұратқа жетумен бірдей

706

0

Бітімге келу мұратқа жетумен бірдей Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып заманауи институттары мен табысты нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі бар, халықтың әл-ауқаты өспелі деңгейдегі және теңгерімді сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде танылды. Десе де, ел ішінде қай уақыт болмасын тартысты, даулы жағдайлардың болатыны сөзсіз. Бұл – кез келген мемлекетке тән құбылыс.
Дау-жанжалдар­ды шешу мен рет­теудің тиімді әдіс­терін қолдану әлем­­де өзекті әрі ма­­­ңызды мәселе болып табылады.
Тараптар үшін дауды бітім­мен аяқ­таудың тиім­ді­лігі ең алдымен, адамның денсаулығына зи­ян келмейтін­дігін атау­ға болады. Екін­ші тиімділігі, қа­зір­гі­дей заманда тарап­тар үшін уақыт үнем­ділігі болса, үшінші тиім­ділігі қаржы үнемділігі. Төртінші ти­імділік екі арада сыйластық қа­рым-қатынастың сақталуы. Егер туындаған дау аза­маттық іс ре­тінде қаралып, соттың ше­шімі шығарылатын болса қарызбен бірге мемлекеттік баж төлеу, сот шығынын өтеу, заңгерді жалдау, жол шығыны, жеке сот орындаушылардың ақысы және т.б. шығын болады.
Біздің елімізде дауды шешу­дің жаңа балама әдістерін қол­дану шаралары жүріп жатыр.
Бұл ретте Қазақстан Респуб­ли­касының Жоғарғы Соты та­­рапынан  тың бастамалар кө­те­ріліп, түрлі пилоттық жоба­лар жүргізілуде. Оның бірі – «Сот­тағы татуластыру рәсім­дері» пилоттық жобасы.
Аталған жоба Жоғарғы Сот төрағасының 28.04. 2018 жылғы №6001-18-7-4/89 өкіміне сәйкес Рес­публикамыздың аудандық және оған теңестірілген соттарда талап қою өндірісімен аза­маттық істерді қарау барысында іске асыру басталған болатын.
Қызылорда облысының ма­ман­дандырылған аудан­аралық экономикалық соты (әрі қарай – Қызылорда облысының МАЭС) төрағасының 28.11.2018 жылғы №35 өкіміне сәйкес сотта бі­тістіруші судья бекітілген.
Бітістіруші судьяға жоба бой­ынша жұмыс жүргізуге 5 жұмыс күні берілген. Өз кезе­гінде бітістіруші судья талап арыз құжаттарымен таны­сып, талап арыз сот ісін жүргі­зу үшін қабылдауға негіз бол­ған жағ­дайда тараптарды «Сот­та­ғы татуластыру рәсімде­рі» пилоттық жобасына қатысу үшін уақытын белгілеп, құжат­тар­ды хатшыға тапсырады.
Хатшы тараптарға хабарласып, оларды пилоттық жобаға қатысуға шақырады.
Мұнда «Медиация кабине­тінде» еркін іскерлік кездесу ұйымдастырылып, дауды бі­тім­­мен аяқтау мүмкіндіктері қа­рас­тырылады.
Бүгінгі таңда пилоттық жо­баға қатысқан бірқатар тараптар ризашы­лықтарын білдіріп отыр.
2019 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысының МАЭС-на жалпы 723 (2018 жылдың І тоқсанында – 822) талап арыз түсіп, олар бойынша 692 (695) азаматтық іс қозғалған. Қоз­ғалған азаматтық істердің 46-сы (16) немесе 6,7%-і (2,3%) та­раптардың татуласуы­на бай­ла­нысты тоқтатылған. Яғни, та­раптардың татуласуы­мен аяқ­талған азаматтық істер­дің саны өткен жылмен салыстырғанда, 30-ға немесе 65%-ке артқан.
Тараптардың дауды татуласу келісімін немесе медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін соттың бекітуіне байланысты талап қоюшылармен төленген жалпы 33 157 315 тең­ге мемлекеттік баж бюджеттен кері қайтарылған.
Мысалы, «И» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай ЖШС) сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «С» ЖШС-нан негізгі қарыз 926 917 380 теңге және өсімпұл 9 269 174 теңге өндіруді сұраған.
Сотпен тараптарға дауды бі­тіммен шешу жөніндегі құ­қық­тары түсіндіріліп, нәтиже­сінде жауапкер талапты толы­ғымен мойындап, аталған сом­маны екі бөліп төлеуге тату­ласу ке­лісімі жасалып, заңға қайшы болмағандықтан, сотпен тату­ласу келісімі бекітілген және де талап қоюшымен төлен­ген 28 085 597 теңге мемле­кет­тік баж бюджеттен кері қайта­рылған.
Тараптар сот отырысында қол алысып, сотқа алғыстарын айтып кетті.
Тағы бір мысал, жоғарыда аталған «И» ЖШС сотқа өзге талап арыз беріп, онда жауапкер «Г» ЖШС-нан негізгі қарыз 337 853 376 теңге және өсімпұл 67 570 675 теңге өндіруді сұраған.
Бұл жағдайда да сотпен та­раптарға дауды бітіммен шешу жөніндегі құқықтары түсін­ді­рілгенімен, жа­уапкер түрлі се­бептерді келтіріп, бітімге келуге қарсы болды. Нәтижесінде талапты толық қанағаттандыру және қосымша 12 162 722 теңге мемлекеттік бажды өн­діру жөнінде соттың шешімі қа­былданды. Қазіргі таңда апел­ляциялық сатыда бірінші саты сотының шешімінің заңды­лы­ғы тексерілуде, яғни тарап­тар бір даудың соңында 4 айдан астам уақыт соттардың табал­дырықтарын тоздырып жүр және бұл дау қосымша бірнеше айға жалғасуы мүмкін…
Бұл орайда еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қа­зақстандықтың санасын жаң­ғыртуға қатысты көтерген мә­селелерін сотта дауласушы та­раптар ескерсе екен деген тұ­жырымға келесің.
Жоғарыдағыларды қорыта келгенде, қуатты ел­дің бірден-бір тірегі – дамыған бизнес. Биз­нес – ел эко­номикасының қарқынды дамуына үлкен күш беріп отырғандықтан, «Дау мұраты – бітім» дегендей, сотқа қатысушылар арасында туындаған дау­ды ушықтырмай барынша бі­тім­мен аяқтауға шақырған болар едік.
Н.ЕЛАМАНОВ,
Қызылорда облысының
мамандандырылған
ауданаралық экономикалық
сотының бітістіруші судьясы.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<