Бүгін бірнеше өңірде жауын жауады

482

0

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

ҚР бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<