Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

294

0

Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет ел аумағында 24 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚР аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталуда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

«Күндіз еліміздін оңтүстік-шығысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады», — деп жазды ведомстводан.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<