Бүгін еліміздің солтүстік-батысында қалың қар жауады

411

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгін, 13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, негізінен қар жауады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік-батысында қалың қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<