Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды.
Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.
Берік Уәлидің ФБ парақшасынан алынды
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<