Қарт Қаратау мен Арал аймағының арасын алып жатқан ата қонысымыз 1938 жылдың 15 қаңтары күні Қызылорда облысы деген әкімшілік-аумақтық атауға ие болды.
Жер аумағы 226 мың шаршы шақырымды құрайтын облыстаөңірде қазір 800 мыңнан астам халық тұрады. Қызылорда облысы – Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше аймақтарымен, оның ішінде Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарымен және Қарақалпақстан Республикасымен, Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі.
Оғыз-қыпшақтардың ордасы, мәдениеті қанат жайған Жент пен Жаңақала, өркениеті өрлеген Өзгент пен Баршынкент, сауда мен қолөнері көркейген Асанас пен Сауран, тарихшылар «қыпшақ даласының гаваны» деп атаған салтанатты Сығанақ – біздің ұрпаққа ұлы сананы ұмыттырмай топырақтың қойнында, тарихтың ойында жаңғырып келе жатқан жәдігерлеріміз.
Өңірдің табиғаты бай. Сыр аймағы кен байлықтарынан да «біздерде мынадай бар» деп айта алатын ел. Облыста ас тұзы, сульфат, мирабилит шикізаттарының орасан қоры бар.
Қазан төңікерісіне дейін уезд орталығы болып келген Қызылорда БКП(б)-ның 15 сьезі жаңаша әкімшілік-территориялық басқару жүйесін ендіргеннен кейін 1928 жылы Қызылорда округі болды. 1930 жылы окугтар таратылып, Қазақстан бойынша 175 аудан құрылды. Осы кезде Қазалы, Қармақшы, Аламексек, Тереңөзек, Шиелі, Қызылорда аудандары Оңтүстік Қазақстанның құрамына енді. 1938 жылы Қызылорда өз алдына облыс атанып, құрамына 7 аудан кірді.
Қашаннан сүлейлер мен саңлақтардың отаны болған Сыр елі – Базар жырау, Шораяқтың Омары, Нұртуған, Тұрмағанбет, Бұдабай, Нартай сияқты ақын-жыршылар мен Әбілдә, Асқар, Қалтай, Әбраш, Жарасқан, Қомшабай, Иран-Ғайып секілді сөз зергерлерін өмірге әкелген өлке.
Тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысы жаңаша түлеп өсті. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылап, облыс орталығы мен аудандар жаңа кейіпке енді. Қазақстанның Тұңғыш Презиеденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысының дамуынан көруге болады» деген сөзі біздің өңіріміздің айтылып отырған толайым табыстарына нақ берілген баға.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<