Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

471

0

10-12 маусым аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің континенттік климатында ыстық пен температураның айтарлықтай төмендеуі жиі алмасып отырады.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында ауа температурасы +20+29°-қа, орталықта +20+33°-қа, 11-12 маусымда оңтүстік-шығыста +23+28°-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<