ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында «Buffet city» кафесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.
«Мұрат» ЖК «Buffet city» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<