Бұл науқанның жөні бөлек

634

0

Мен өмірден көрген түйгені мол аға ұрпақ өкілімін. Үлкен кісі қашанда ұрпағының болашағын, жақсы қоғамда өмір сүргенін бар жән-тәнімен қалайды. Елдің ішіндегі ауызбірлік пен ынтымақты сақтай отырып, мемлекеттің саясатына да мән беріп отыратынымыз бар.

Себебі қоғам даму сатысында маңызды қадамның бірі саналатын ел арасындағы жағымды жаңалық пен игілікті істер – біздердің, қариялардың әркез басты назарында. Соның бір айғағы – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған және республика тарихында тәжірибеде алғаш рет қолданылып отырған жаңа форма – ауыл әкімдерінің сайлауы мені де бей-жай қалдыра алмайды.

Бүгін міне, осы сайлауға алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беруге келдім. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Қазақ елі жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп келеді. Бұған дейін де талай сайлау өткен. Дегенмен бұл сайлаудың жөні мүлдем бөлек.


Туған жерінің келешегі үшін өз таңдауымды жасадым, және оған өте қуаныштымын. Ардагер ретінде, көпті көрген адам ретінде тікелей сайлаудың тиімді әрі жемісті боларына сенімдімін.

Жақсылық ҚЫПШАҚБАЙҰЛЫ,


Ақай ауылдық «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<