БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін

896

0

Егер биоалуантүрлікті сақтайтын шара жасалмаса, 50 жылдан кейін жануарлар мен өсімдіктердің 1 милллион түрі жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының директоры Ингер Андерсен мәлімдеді.

«Қазір Жер бетінде өсімдік пен жануардың 8,7 миллион түрі бар, бірақ біз 50-100 жылдан кейін оның 1 миллионын жоғалтып алуымыз мүмкін. Ол экожүйеге әжептәуір әсер етеді.

Экожүйе өте сезімтал баланспен жұмыс істейді. Ол жауын-шашын, таза су, таза ауаға жауап береді. Сондықтан біздің биоалуантүрлікті жоғалтып алуға қақымыз жоқ.

Аритика мұзының еруі, Аустралиядағы өрт, Ресейдің солтүстігіндегі шыжыған ыстық сияқты аномалияны табиғи құбылыс деп айту қиын. Егер мәңгілік мұздардың ерігенін қаламасақ, жұмыла әрекет етуіміз керек», – дейді Андерсен.

Оның айтуынша, компаниялар қазірден бастап қоршаған ортаға зиян келтірмейтін «жасыл» жұмыс орындарды ашуы керек, ал мемлекеттер экономика құрылымына өзгеріс енгізуі керек. Мысалы электр энергиясын жел, биомасса, Күн сияқты қайта қалпына келетін ресурстардан өндіре бастауы керек.

Массагет.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<