Бу-газ қондырғысы: оңтүстік өңірлер үшін өте маңызды

353

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Катар еліне іссапары барысында еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге бу-газ қондырғысын салу келісілген болатын.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ мен катарлық «Power International Holding» компа­ниялары арасында келісімге қол қо­йы­лып, жобаның техника-эконо­ми­калық не­­гіздемесін әзірлеу жұмыстары басталуда.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төр­аға­лығымен өткен мәжілісте станция құрылысына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Жиынға «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері, облыстық басқарма және жер­гілікті мекеме басшылары қаты­сып, бірқатар мәселе пысықталды.

Станция құрылысы үшін 250 гектар жер телімі белгіленген. Жоба аясында «Қы­зылорда-Жезқазған» және «Қы­зыл­­­орда-Шымкент» бағытында 500 кВ жо­­­ғары қуатты электр желілері са­лынады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы өте маңызды жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын бол­дыр­мауға, республиканың энергети­калық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған.

Бұл мегажобаны 2028 жылдың аяғы­­на дейін толық іске асыру көз­делген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<