Елімізде арнайы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша өткен жылы оба, дифтерия, тырысқақ және сіреспемен ауырғандар тіркелген жоқ. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform.
«Маусымдық жұқпалы аурулардың таралуын азайту шаралары бірнеше рет қаралды. Мониторинг қорытындысы бойынша өткен жылы ең қауіпті инфекциялар оба, дифтерия, тырысқақ, сіреспемен ауырған науқастар тіркелген жоқ», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Одан бөлек Премьер-Министр қызылша қызылша ауруының таралуын тоқтату бойынша құзыретті министрліктер мен жергілікті әкімдерге тапсырма берді.
«Әкімдіктер, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуі қажет. Сондай-ақ, жалпы басқа да профилактикалық екпелермен вакциналауды жандандыру қажет. Жоспарлы екпе алмағандарға ерекше назар аударылуы тиіс. Жол қатынасы қиын және шалғайдағы ауыл тұрғындарын вакциналау үшін жағдай жасау керек. Әкімдер екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстасын», – дейді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<