Бюджеттік комиссия отырысы өткізілді

427

0

2018 жылғы 13 тамызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық бюджеттік комиссия отырысы өткізілді. Отырыста «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №146 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.
Бюджеттік комиссия отырысын аудан әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы жүргізіп отырды.
Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы хабарлама жасады.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 тамыздағы «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы 17-сессиясының № 157 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №974 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1202 қаулысына сәйкес облыстық бюджет қаржысы есебінен 74097 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді және 21336,8 мың теңге үнемделген нысаналы трансферттер облыстық бюджетке қайтарылады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес 2018 жылдың 1 тамызына мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемделген қаржыларды қайта бағыттау мәселелеріне байланысты «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №146 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланды.
Сонымен қатар, 4-деңгейлі Әйтеке би кентінің салықтық түсімдері аудан бюджетіне қате түсуі салдарынан қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері 40981 мың теңгеге азайтылып, аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 40981 мың теңгеге көбейтілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<