БЖТ төлеушілерден «42 500 теңге» төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

996

0

Бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуші азаматтардан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем төлеуге өтініштер қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, БЖТ төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар «42 000 теңге» төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:

– egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

– 42500.enbek.kz порталы; – telegram-боттар;

– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

– homebank.kz порталы.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші болып табылатын адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<