Сыр елі «Challenge – Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастамасына қолдау білдірді. Сенбі күні ҚР мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен жаппай сауықтыру гимнастикасына жүзден астам мемлекеттік қызметші қатысты.
Акция аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы таңғы жаттығу мен веложарыс ұйымдастырды.
Спорттық іс-шаралар «Сыр Ана» монументі алаңында кешенді жаттығулардан басталып, спортты серік еткен, салауатты өмір салтын ұстанған қызметшілер веложарыста бақтарын сынады.
Жарыс жолы Бейбарыс сұлтан көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысынан бастау алып, мәре «Евразия» спорт кешені болып белгіленді. Қорытындысында, ерлер арасында мәреге бірінші болып Мейрамбек Ерубаев (ТЖД), екінші Жандәулет Өндірей (ТЖД), үшінші Шыңғыс Аманқұлов (облыстық сот) келді. Әйелдер арасында Әсел Жадырасынова (ТЖД), Анар Сәлімжан (мем. қызмет істер департаменті) келді. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» дипломымен Мәулен Бегалиев (облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы) марапатталды. Осылайша сырбойылықтар салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<