Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы «Халадашпен» тең түсті

2365

0

Алматылық «Қайрат» футзалдан чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынында венгриялық «Халадашпен» тең түсті. Қазақстандық клуб матчтың соңында жеңісті жіберіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марлон Веласко венгриялық клубқа қарсы мынадай құрамды шығарды: Игита, Денер, Педро, Игорь Шушу, Алекс Виана – Деннис, Эдсон, Ақбалықов, Диего Фаверо, Тұрсағұлов, Оразов, Кайо Руис, Алиссон. Ойынның төртінші минутында Золтан Дрот есеп ашқанымен, Альберт Ақбалықов үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Екінші таймда Алекс Виана Қазақстан чемпионын алға шығарса, Арнон Сантос Каземиро сиренадан бір секунд бұрын гол соқты – 2:2.

Осылайша, «Қайрат» топтық екі кездесуден кейін төрт ұпайға қол жеткізді. Соңғы кездесуде Қазақстан құрамасы қазанның 29-нан 30-на қараған түні испаниялық «Пальмамен» кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<