Цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері

582

0

2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде АХАТ саласында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің келесідей бөлігіне өзгерістер енгізілді:

-01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды (бұдан әрі-АХАТ) бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ға(бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) беру;

– «атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» қызметін алып тастау;
-Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктерді алып тастау және ЭҮП арқылы азаматтық хал актілерін электрондық форматта тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар беруді қамтамасыз ету. Бұл ретте азаматтардың қалауы бойынша құжаттар қағаз жеткізгіште де беріледі;

қайтыс болу туралы актіні автоматты түрде тіркегеннен кейін қайтыс болу туралы хабарлама беру және т. б.
АХАТ функцияларын КЕАҚ-қа беру азаматтардың мүдделерін ешқандай түрде қозғамайды және олардың мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін алуына кедергі келтірмейді. Ұсынылатын қызметтерді көрсету процесінің өзі, нысаны, мазмұны, мерзімі мен нәтижесі өзгеріссіз қалады. Туу туралы, некені қию және бұзу, қайтыс болу туралы елтаңбалық куәліктердің бланкілері өзгермейді. Мемлекеттік органның өзі басқару нысаны ғана өзгеруде.

26.04.2023 жылы ҚР Әділет министрінің №266 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-қағидалар) 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, қағидалар «Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» атты жаңа тараумен толықтырылды. Бұл ретте АХАЖ ӨБ ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді түзету 2018 жылдан бастап мүдделі тұлғаның жеке өтініші бойынша не «электрондық үкімет» порталы арқылы түскен өтініш бойынша жүргізіледі. Бірақ, ол жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызмет түрі ретінде енгізілді.

Г.Досмағанбетова,

Қызылорда облысының Әділет

департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<