ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

266

0

Облыс аумағында 2018 жылдан бері «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастамалардың құны 4,8 млрд теңге. Жаңа технологиялар негізінен білім, денсаулық сақтау, коммуналдық сала, транспорт және қауіпсіздік салаларында қолға алынған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық цифрлы технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова мәлімдеді.

– Білім саласы бойынша аталған бастамалар кең қанат жайған. Мәселен, өңірдегі 293 мектеп барлық қажет­ті­лік­термен қамтылып, цифр­лы технологияның игілі­гін көруде. Бір ғана мысал, электронды күнделік. Одан бөлек, 659 балабақша «Электронды балабақша» автомат­тан­дырылған жүйесіне қосылады. Бұрын бір бала бірнеше бала­бақшада кезекке тұратын, ол тізімде мектеп жасындағы балалар да кездесіп қалатын. Автоматтандырылған жүйе мұн­дай олқылықтарды болдырмайды, – деді И.Ақжігітова.

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы коммуналдық салаға да мұндай жүйе қажет-ақ. Өйткені, бұл күнде энергия көздерінің ортақ шығыны халық қалтасынан шығып жатыр. Егер де жұртшылық қарапайым есептегіш құралдың орнына импульсті құралды орнатқан жағдайда тұтынылған энергия мөлшері айқын көрініп тұрады. Сонымен қатар, жол сақшыларының қолында да орталық базаға емін-еркін еніп, айыппұлдар мен салықты тек­серетін 117 планшет берілді. Бұл да ОПД Жергілікті полиция қызметінің жұмысын оңтайландыра түспек.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<