Цифрлық картаның жаңа мүмкіндіктері

848

0

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Отбасының цифрлық картасы» толықтай іске қосылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде цифрлық картада Қызылорда облысы бойынша 784,2 мың адамның немесе 220,3 мың отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Жинақталған деректер негізінде экономикалық, әлеуметтік, тұрғын үй жағдайлары, денсаулық пен білім бойынша отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдаулар жүргізіледі, ал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда цифрлық карта СМС хабарлама арқылы жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін ОЦК арқылы әлеуетті жәрдемақы алушыға СМС-хабарлама жіберіледі және оң жауап болған жағдайда оған тиісті төлем тағайындалып, тиісті қаражат банктік шотына аударылады.
Цифрлық картада халықтың әл-ауқат деңгейі бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұқтаждығына қарай ведомствоаралық көмектер көрсетілетін болады.

Цифрлық картасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі.
2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш саладағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері қамтылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<