Цифрлық майнинг қызметін elicense.kz порталында жүзеге асыруға болады

545

0

Енді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет. Мұндай лицензияны алу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға elicense.kz порталында электрондық өтініш береді.

Енді ҚР ЦДИАӨМ министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №169/НҚ бұйрығына сәйкес, цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін осы қызметтің түріне лицензия алу қажет.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия екі кіші түрлері бойынша беріледі:

I кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;

II кіші түр – цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы меншік құқығына немесе басқа заңды негіздерде жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығыеда орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі ақпараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзере асыруы.

Лицензия алу үшін elicense.kz порталында өтініш толтыру қажет. Өтініште цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері мен электр энергиясын алу тәсірі туралы мәліметтерді көрсетіп, қажетті құжаттарды (бұйрықтың 11-тармағы) қоса беру керек.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Лицензия «Менің лицензияларым» модулінде пайдаланушының «Жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады. Өтінім бойынша бас тартылған жағдайда дәлелді бас тарту нәтижесі «Менің өтініштерім» модулінде сақталады.

Сондай-ақ, дата орталығының мекен-жайын, заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің атауы мен орналасқан жерін өзгерту, қайта ұйымдастыру және ҚР заңнамасында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу қажет. Ол үшін «Жеке кабинетте» лицензияны таңдап, «Қайта ресімдеу» түймесін басып, қайта ресімдеу себебін  көрсете отырып, өтінішті толтыру қажет.

Айта кеткен жөн, бұрын жарияланған цифрлық майнинг қызметі туралы ақпарат бұйрықтың шыуына байланысты жарамсыз болды.

Аталмыш қызмет ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<