Цифрлық шешімдер енгізу қарқыны

152

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты.

Осы ретте өткен жиында құқықтық жүйенің негізгі бағыттарына цифрлық шешімдерді енгізу қарқынын пысықтау, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.
Үкімет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу барлық саланың даму тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы күні кеше іске қосқан суперкомпьютер еліміздегі цифрлық дамудың жаңа парағын ашып отыр. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, сондай-ақ аймақтағы ең қуатты есептеп шығару құрылғысы. Оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Сондықтан барлық ведомстволар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.