Былтыр аймақта телерадио хабарларын таратуда жаңа өзгеріс, яғни, аналогты телевизияны өшіре отырып, цифрлық эфирлік телевизияға көшу жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінде бұл меже 80 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Артур Қамбаров айтты.
– ЦЭТВ – әлеуметтік жоба. Алғаш рет Қызылорда қаласы және оған жақын орналасқан 36 елді мекенді қамтыған цифрлық эфирлік телевизия жүйесі Қызылорда радиотелевизиялық стансасында 2013 жылы іске қосылды. Бүгінде өңірдің 174 елді мекенінің 550 мыңнан астам тұрғыны, яғни, 80%-ы аталған қызметпен қамтылды, – деді ол.
Бүгінде эфирлік телерадио хабарымен үздіксіз қамтамасыз ететін «Қазтелерадио» АҚ облыстық филиалы шалғай орналасқан елді мекендерді цифрлық телехабар жүйесімен сапалы қамтуда ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
– «Қазтелерадио» АҚ облыстық филиалында телевизиялық және радиохабар тарату құрылғыларына алғашқы жаңғырту 2002-2003 жылдары жасалды. Одан кейін 2004-2009 жылдары «Ауыл» бағдарламасының арқасында желінің сапасы жақсарды, – деді «Қазтелерадио» АҚ ОРТД басшысының орынбасары Өмірхан Жалмағанбетов.
Айтпақшы ЦЭТВ-ға толық көшу процесі 2025 жылға дейін жүзеге асырылады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<