2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда цифрлық теңгені толықтай енгізу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға қанша қаржы жұмсалады? Сауалға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.
«Өткен жылдың желтоқсанында бірнеше ондаған мың транзакция жасалды. Пилоттық режимнен өтіп, цифрлық теңгені толық айналымға енгізу үшін үйреніп, тәжірибе жинап, қателіктерді ескеріп жатырмыз. Қаржыға келсек, бізде цифрлық теңгені енгізуге арнайы ақша қарастырылмаған, – деді Тимур Сүлейменов банкте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, пилоттық жобаға 4 банк қатысып жатыр. Сондай-ақ Т. Сүлейменов жалпы төлем жүйесімен Ұлттық төлем корпорациясы айналысатынын айтты.
«Біз қаржыландырамыз, бірақ белгілі бір бөлігін корпорация өз есебінен өтейді. Цифрлық теңгеге қосымша ақша бөлген жоқпыз. Бұл корпорацияның коммерциялық шаруашылық қызметінің шеңберінде», – деді Ұлттық банк басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<