Clubhouse әлеуметтік желісінде ҚР Президентінің атынан жалған аккаунттар ашылған

813

0

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Clubhouse әлеуметтік желісіндегі аккаунтына қатысты ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Twitter-де @TokayevKZ және Instagram-да @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді, – деп жазды ол Facebook-те.