COVID-19: Еуропада ахуал күрделі

898

0

24 желтоқсандағы ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұрса, «жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Аймақта былтырдан бері коронавирус инфекциясымен 19 411 науқас тіркеліп, 18 891-і емделіп шыққан. Кешегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясымен 4 жағдай  тіркелді.

Жалпы, Қазақстанда эпидахуал тұрақталды. Ал шет елдерде жағдай әлі де мәз емес. Мәселен, ауруды жұқтыру саны бойынша Ұлыбританияда рекорд күн сайын жаңаруда. Кейінгі деректерде, онда 120 мыңға жуық жағдай тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап. Осы арада Каталонияда түнгі коменданттық сағат енгізілді, ал Испания мен Италия көшелерінде бетпердесіз жүруге тыйым салынған.

 Ресми деректер бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде 277 миллион инфекция жұқтыру жағдайы тіркеліп, 5,3 миллион адамның өмірі қиылды.

Қазір Англия ауруханаларында коронавируспен ауыратын 8 мыңнан астам науқас бар. Ал Испания мен Италия көшелерінде міндетті маска тағу режимі күшіне қайта енді. Испания Премьер-Министрі Педро Санчес маска режимі тек қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де қайтарылатынын мәлімдеді.

Испания коронавирус шектеулерін жаздың басында алып тастады, бірақ қазір жұқтыру саны қайта өсті. 20 желтоқсанда елде 79 мың жаңа жағдай тіркелді, кейінгі тәулікте бұл сан 60 мыңға жетті. Алдын ала бағалаулар бойынша тіркелген аурудың шамамен жартысы «омикронмен» байланысты.

Бейсенбіде Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза «омикронның» таралуына байланысты көшеде маска тағудың қайтарылғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, Италия үкіметі жаңа жылдың барлық мерекелеріне жаппай тыйым салып, клубтарды 31 қаңтарға дейін жабу туралы шешім қабылдады.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырғандар саны 8 931 073 адамға жетті. Вакцинаның II компонентін 8 432 936 адам салдырған.  Ал Қызылорда облысында вакцинаның I компонентін 414 797 адам (91,7%), II компонентін 378 331 адам (83,6%) алған.

Айнұр Батталова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<