COVID-19 табылған науқастың жеке деректерін таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін

312

0

COVID-19 табылған науқастың жеке деректерін таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін Шымкент қаласында коронавирус анықталған науқастың жеке деректерін тарату бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте Дәурен Абаевтан Желіде COVID-19 жұқтырған шымкенттіктің аты-жөні қайдан жүргені туралы сұрақ қойылды. 

«Шымкент полиция департаменті коронавирус инфекциясымен ауырған адамның жеке деректерін әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша ҚР ҚК 147-бабының 5-бөлігі «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді министр.

Айта кетейік, бұл бап бойынша құқық бұзушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<